Ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы тағайындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетпісбаев Нұрбол Ерланұлы Мойынқұм ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы болып тағайындалды. 

1996 жылы 16 маусымда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі жоғары.
2015 жылы Жамбыл политехникалық колледжін «есеп және аудит», 2018 жылы М.Х.Дулати атндағы Тараз мемлекеттік университетін «қаржы» және 2026 жылы Ақпараттану, байланыс және технологиялар колледжін “архитектура мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2016 жылы Жастар тәжірибесі бойынша Тараз қаласы әкімі аппаратының іс-жүргізушісі болып бастаған.
2017-2020 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің статисті, 2020-2021 жылдары “Жасыл ел – Тараз” ЖШС директорының коммерциялық сұрақтар жөніндегі орынбасары, 2021-2022 жылдары “Жасыл ел – Тараз” ЖШС директорының кеңесшісі, 2022-2025 жылдары “Жасыл ел – Тараз” ЖШС тұрмыстық қатты қалдықтар шығару бөлімінің басшысы, 2025 жылы “Жасыл ел – Тараз” ЖШС директорының қаржы және экономика жөніндегі орынбасары, аппарат басшысы, 2025-2026 жылдары “Байзақ Су” коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны басшысының орынбасары, 2026 жылы Мойынқұм ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің статисті, бас маманы қызметтерін атқарған.

2026 жылдың 01 қыркүйегінен бастап Мойынқұм ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1289138?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді