Жамбыл спортшылары Дүниежүзілік көшпенділер ойындарынан елге оралды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тараз қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысып, ел қоржынына жүлде салған Жамбыл облысының спортшылары мен олардың жаттықтырушарын қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды 

Қырғыз Республикасында 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында ұйымдастырылған халықаралық додаға әлемнің әр түкпірінен спортшылар жиналып, ұлттық спорт түрлерінен өзара мықтыны анықтады. Қазақстан құрамасы сапында Жамбыл облысының өкілдері де бірнеше спорт түрінен бақ сынады.

Салтанатты шараға Жамбыл облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ернар Ибраимов, спорт саласының ардагерлері, жаттықтырушылар, спортшылар мен олардың ата-аналары және жақындары қатысты.

Жамбылдықтардың қатарында жамбы атудан Абзал Тұлыбеков, құсбегіліктен Серікболсын Жалғасұлы мен Бақдәулет Бабажан, армрестлингтен Малена Сыдықжан мен Бақыт Ақжигитов, қазақ күресінен Ернұр Сүлеймен өнер көрсетті.

Ал ордо ойынында Нұрсұлтан Қалманбетов, Райымбек Кенжебайұлы және Ерсұлтан Тоқтасынұлы, көкпарда Құрманбек Тұрғанбек, Елдос Асыл, Ернат Малымбай, Ерғалім Жақсылық, Қуаныш Бейсен және Ерсұлтан Әзімбаев облыс намысын қорғады.

Көкбөріден Есжан Құрманбай мен Құлажан Тоғайбаев, ат спорты сайыстарынан Рамазан Табылдиев, Нұрбек Парахат, Диас Жеңіс және Расул Газаев, ал номад грэпплингтен Аяна мен Аскербек Иса Жамбыл облысының атынан халықаралық додаға қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1289132?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді