Таразда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

12 қыркүйек күні Тараз қаласында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңкеде Тараз қаласы, Жамбыл, Байзақ, Шу және Жуалы аудандарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз өнімдерін тұрғындарға ұсынады.

Сөрелерден ет және сүт өнімдері, көкөніс пен жеміс-жидек, бақша өнімдері, ұн, жарма, бал және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін кездестіруге болады.

Жәрмеңкенің басты мақсаты – жергілікті шаруалардың өнімдерін тікелей тұтынушыларға ұсынып, тұрғындарды сапалы әрі табиғи өнімдермен қамтамасыз ету.

Тұрғындарды жәрмеңкеге келіп, жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін тиімді бағамен сатып алуға шақырамыз!
Жәрмеңке Жастар аллеясында (Сүлейменов пен Желтоқсан көшелерінің қиылысы), таңғы сағат 8.00-ден бастап өтеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1289282?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді