
Шымкент қаласы Білім басқармасы мен Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастамасымен «Жас жол инспекторлары жасақтары слеті» атты республикалық байқаудың қалалық іріктеу кезеңі жоғары өтті.
Байқаудың басты мақсаты – балалар арасында жол қозғалысы қауіпсіздігін насихаттау, жол ережелерін үйрету және жол мәдениетін қалыптастыру.
Слет 7 кезеңнен тұрды:
Таныстыру
Үгіт-насихат бригадаларының конкурсы
Жол қауіпсіздігі ережелерін білу
Велосипедті мәнерлеп жүргізу
Жас реттеуші
Полиматтар турнирі
Жас тәртіп сақшысы (санитарлар)
Байқау нәтижесінде жеңімпаз атанған мектептер:
І орын: №68 жалпы орта білім беретін мектебі
ІІ орын: №87 және №29 мектептері
ІІІ орын: №99, №21 және №45 мектептері
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Жеңістеріңіз шыңдала берсін!
Жол қауіпсіздігі – ортақ міндет!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/press/news/details/983620?lang=kk

Жауап қалдыру