Тәрбие жұмысы бойынша жұмыс тобының отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрамына тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасарлары мен аға тәлімгерлер (вожатыйлар) кірген жұмыс тобының отырысы өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты — білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша бірыңғай құжаттар мен ортақ тәсілдерді бірлесіп әзірлеу.
Жұмыс барысында қатысушылар тәрбие жұмысының негізгі бағыттарын талқылап, тәжірибе алмасты, өз ұсыныстарын енгізіп, қажетті жұмыс материалдары мен құжаттамаларды бірлесіп әзірледі.
Құжаттардың мектептерде әрі қарай қолдануға тиімді, түсінікті және ыңғайлы болуына ерекше назар аударылды.
Жұмыс белсенді өзара іс-қимыл форматында өтті:
🔹 жоспарладық;
🔹 талқыладық;
🔹 әзірледік;
🔹 ұсыныстар енгіздік;
🔹 ортақ шешімдер қабылдадық.
Бірыңғай құжаттаманы әзірлеу — жай ғана жоспарлар мен жұмыс папкаларын дайындау емес. Бұл тәрбие жұмысын жүйелі әрі сапалы ұйымдастыруға, әр маманның міндеттері мен жұмыс бағыттарын нақты түсінуіне мүмкіндік беретін маңызды қадам.
Бірлескен жұмыс жалғасуда. Алда — жоспарланған жұмыстарды іске асыру, тәжірибе алмасу және тәрбие жұмысы жүйесін одан әрі жетілдіру.
Бірыңғай тәсіл. Бірлескен жұмыс. Ортақ шешімдер.
Ортақ мақсат — жауапты, белсенді және лайықты азамат тәрбиелеу!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gmusrep-roo/press/news/details/1289596?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді