
«Таза Қазақстан – Вандализмге жол жоқ»: Ұлытау облысы Жезқазған қаласында оқушылар тазалық пен тәртіпті талқылады.
2026 жылғы 10 қыркүйекте ҚР Әділет министрлігі Ұлытау облысы Әділет департаменті қызметкерлері Жезқазған қаласының №8 мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан — Вандализмге жол жоқ» тақырыбында маңызды семинар өткізді.
Шараның басты мақсаты — өскелең ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық мүлікті сақтау және құқықтық сауаттылықты арттыру.
Шара барысында Әділет департаментінің қызметкері Р.М Жиенбаева тақырып бойынша мазмұнды әрі маңызды баяндама жасап, вандализмнің құқықтық салдары мен қоршаған ортаны қорғаудың маңызын түсіндірді.
5-сынып оқушылары арасында көркем сурет көрмесі ұйымдастырылды. Балалар өз туындылары арқылы тазалық пен тәртіпті насихаттады.
Көрме жеңімпаздарын Әділет департаментінің басшысы А.А. Айнабековтің атынан арнайы мақтау грамоталарымен марапатталды.
Жоғары сынып оқушылары арасында қызу дискуссия мен дебат өтті. Мектеп белсенділері вандализммен күресу жолдары туралы өз пікірлерін ашық білдірді.
Мектеп директоры М.С.Алдажанова сөз сөйлеп, бұл бастаманың тәрбиелік мәні зор екенін атап өтіп, қонақтарға алғыс айтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-ulytau/press/news/details/1289682?lang=ru

Жауап қалдыру