Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Сәтбаев қалалық мәслихатының 2022 жылғы 28 қарашадағы № 235 «Сәтбаев қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30901 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сәтбаев қалалық
мәслихатының төрағасы Қ. Балмағамбетов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhkh-satpaev/press/news/details/1289716?lang=ru

Жауап қалдыру