Ауылдық округ әкімі мектеп мұғалімдерімен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 10 қыркүйек күні ауылдық округ әкімі А. Болатов Сарыбұлақ орта мектебінің мұғалімдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында білім беру саласындағы өзекті мәселелер, оқушылардың білім сапасын арттыру және олардың тәрбиелік деңгейін көтеру бағытындағы жұмыстар талқыланды.

Округ әкімі А. Болатов мектеп ұжымы үшін білім сапасын арттырумен қатар, оқушылардың бойында жауапкершілік, тәртіп, отансүйгіштік және қоғамдық ортадағы мәдениетті мінез-құлық қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау, мектептегі тәртіпті сақтау, ата-аналармен байланысты күшейту және жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу қажеттігі айтылды.

Кездесу барысында ауылдық округ әкімдігі мен мектеп ұжымы арасындағы өзара байланысты нығайту, білім беру саласындағы мәселелерді бірлесіп шешу және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды жүйелеу бойынша пікір алмасу өтті.

Кездесу соңында мектеп мұғалімдеріне өз міндеттерін жауапкершілікпен атқарып, оқушылардың сапалы білім алуы мен тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу тапсырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-sarybulak/press/news/details/1289811?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді