
Баянды ауылында тазалық жұмыстары жүргізілді
Баянды ауылының аумағында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Тазалық жұмыстары барысында аумақта жиналған қоқыстар мен шөптер тазаланып, арнайы техниканың көмегімен шығарылды.
Аталған жұмыстарды «Таза Мұнайлы» МКК қызметкерлері атқарды.
Тазалық пен көркейту – баршамызға ортақ міндет. Ауыл аумағының тазалығын сақтауға шақырамыз.
Таза ауыл – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1289848?lang=ru

Жауап қалдыру