
ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ ЖЫЛЫНА 45 ТОННА БАЛЫҚ ӨНДІРЕДІ
Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов жұмыс сапарымен Шарбұлақ ауылдық округіне барып, «Gold Fish» шаруа қожалығының жұмыс барысымен танысты. «Gold Fish» шаруа қожалығы – Шарбұлақ ауылдық округіндегі «Ағанай» суқоймасында орналасқан. Шаруашылық 2025 жылы толық іске қосылып, балық шаруашылығын дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде.
Суқоймасының жалпы аумағы – 88 985 шаршы метр, жағалау сызығының ұзындығы – 1 709 метр, орташа тереңдігі – 5 метр. Жобаның жалпы құны – 1,5 млрд теңге. Шаруашылықта негізінен сазан балығы өсіріледі. Балық өсіру алаңы заманауи технологияларға негізделген қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бүгінде шаруашылықта жылына 45 тонна балық өндірілуде. Сонымен қатар, кәсіпкерлік нысан 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Аудан әкімі Азизхан Исмаилов шаруашылықтың өндірістік әлеуетін атап өтіп, балық шаруашылығын одан әрі дамыту, өндіріс көлемін ұлғайту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін айтты.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
————
В КАЗЫГУРТСКОМ РАЙОНЕ ХОЗЯЙСТВО ПРОИЗВОДИТ 45 ТОНН РЫБЫ В ГОД
Аким Казыгуртского района Азизхан Исмаилов с рабочим визитом побывал в Шарбулакском сельском округе и ознакомился с работой крестьянского хозяйства «Gold Fish».
Хозяйство расположено на водохранилище «Ағанай» в Шарбулакском сельском округе. Оно полностью запустилось в 2025 году и сегодня системно развивает рыбное хозяйство.
Общая площадь водохранилища составляет 88 985 квадратных метров, протяжённость береговой линии — 1 709 метров, средняя глубина — 5 метров. Стоимость проекта — 1,5 млрд тенге.
В хозяйстве в основном выращивают карпа. Рыбоводческий участок оснащён необходимым современным оборудованием и работает с использованием современных технологий.
Сегодня хозяйство производит 45 тонн рыбы в год и обеспечивает постоянной работой 15 человек.
Аким района отметил производственный потенциал хозяйства и подчеркнул необходимость продолжать работу по развитию рыбного хозяйства, увеличению объёмов производства и созданию новых рабочих мест.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1289859?lang=ru

Жауап қалдыру