
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 232 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларына» 2026 жылы енгізілген өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 232 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларына» мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген;
- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 2 сәуірдегі №115 бұйрығымен
6-тармақтың 3) тармақшасында:
үшінші абзац жаңа редакцияда жазылған, төртінші абзац “сот шешімі.”сөзімен толықтырылған:
15-тармақ жаңа редакцияда жазылған,
23-тармақтың бесінші бөлігіндегі орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілген, қазақ тіліндегі мәтін өзгермеген;
49-тармақ жаңа мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылған:
“Зейнетақы төлеуді уақтылы тоқтата тұруды қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті осы Қағидаларға 26-1-қосымшаға сәйкес хабар-ошарсыз кеткен, іздеуде жүрген адамдардың электрондық тізімдерін ай сайын Мемлекеттік корпорацияға ұсынады.”;
50-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылған:
“Зейнетақы төлеуді уақтылы тоқтатуды қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі-шет елдердегі мекемелер) осы Қағидаларға 27-1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасынан тыс жерде уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматының қайтыс болуы туралы мәліметтерді олардың шет елдердегі мекемелерге келіп түсуіне қарай Мемлекеттік корпорацияға ұсынады.”;
1,2,4,5,6,7,8,9,10-қосымшаларда толықтырулар мен ауыстырулар енгізілген және 11,12,13,14,15,16,17,18,19,20,21,22,23,24,25,26,27,28,29,30,31,32 қосымшаларда ауыстырулар енгізілген.
- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 26 мамырдағы № 193 бұйрығымен.
1-тармақ мынадай редакцияда жазылған:
“1. Осы Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Респубикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 199-бабының 2-тармағына, “Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау тәртібін айқындайды.”;
2-тармақтың 13), 14), 15) және 16) тармақшалары мынадай редакцияда жазылған:
“13) электрондық іс макеті (бұдан әрі –ЭІМ) – Мемлекеттік корпорацияда Е-макет автоматтандырылған цифрлық жүйеде қалыптастыратын зейнетақы төлемдерін алушының электрондық іс макеті;
14) цифрлық құжаттардың сервисі – операторға бекітілген және цифрлық объектісіндегі мәліметтер негізінде қалыптастырылған құжаттарды электронды түрде көрсетуге және пайдалануға арналған “цифрлық үкіметтің” цифрлық инфрақұрылым объектісі;
15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі –ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы);
16) “цифрлық үкіметтің” веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің “бірыңғай терезесін” білдіретін цифрлық объект.”
3-тармақ мынадай редакцияда жазылған:
“3. Уәкілетті мемлекеттік орган осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және оны Бірыңғай байланыс-орталығына, зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға, Мемлекеттік корпорацияға және “цифрлық үкіметтің” операторына жібереді.”;
5-тармақтың бесінші, алтыншы және жетінші бөліктері мынадай редакцияда жазылған:
“Құжаттарды қабылдайтын маман “цифрлық үкімет” шлюзі арқылы тиісті цифрлық жүйеге (бұдан әрі – ЦЖ) сұрау салуды қалыптастырады:
“Жеке тұлғалар” мемлекеттік дерекқоры ЦЖ-ға – өтініш берушінің жеке басын куәландыратын және тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар бойынша;
“ТӨҰ” ЦЖ-да – жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған орташа айлық табыстың неғұрлым тиімді мөлшерін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарының аударылған сомалары мөлшерінің көрсетілген кезең үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жүргізілген әлеуметтік аударымдар мөлшеріне сәйкестігін белгілеу үшін;
“АХАЖ” ЦЖ-ға (азаматтардың хал актілерін жазу) – баланың (балалардың) туу туралы куәлігі немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме бойынша (Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), неке қию туралы куәлік бойынша (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), балалардың қайтыс болғаны туралы куәлік бойынша (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 мамырдан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша);
“Е-Қорғаншылық” ЦЖ-ға – қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы құжаттар бойынша;
“Жоғарғы сот” ЦЖ-ға – бала (балаларды) асырап алу туралы сот шешімі бойынша сұрау салу бойынша;
Мемлекеттік кірістер комитетінің ЦЖ – адамның дара кәсіпкер ретінде тіркелмегені туралы, сондай-ақ дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның, шаруа немесе фермер қожалықтары басшыларының, сондай-ақ нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалардың табысы туралы деректер бойынша Мемлекеттік кіріс органының анықтамасы бойынша).
Өтініш беруші өтінішті электрондық не қағаз түрінде беріледі, қол қойылады немесе өтініш берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ЦЖ-дағы мәліметтер сәйкес келмеген (болмаған) кезде өтініш беруші өтінішке құжаттарды қоса береді.”;
9-тармақта:
он алтыншы абзацы алып тасталған;
он сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылған:
“Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға), бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алу туралы мәліметтерді мемлекеттік ЦЖ-дан растау кезінде сот шешімін ұсыну талап етілмейді.”;
11-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілген, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.
12-тармақтың екінші бөлігі, 13-тармақ, 18-тармақтың бірінші бөлігі, 22-тармақтың бесінші бөлігі жаңа редакцияда жазылған.
23-тармақ мынадай редакцияда жазылған:
“23. Егер зейнетақы төлемдерін тағайындау (өзгерту, қалпына келтіру) туралы шешім қабылдау үшін ЭІМ-ге осы Қағидалардың 6, 7, 8, 9 және 10-тармақтарында көзделген қосымша құжаттарды қоса тіркеу қажет екені анықталса және (немесе) табыс орталықтандырылған дерекқордың міндетті зейнетақы жарналарының, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың, міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдардың және/немесе жарналардың және жеке табыс салығының аударылуы туралы мәліметтерімен расталмаса, уәкілетті орган ЭІМ-ні қайтарады және осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі арқылы хабарлама жібереді. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі хабарлама түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіні хабарлама немесе ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы sms-хабарландыру алған күннен бастап жиырма бес жұмыс күні ішінде қосымша құжаттарды ұсыну туралы, оның ішінде ұялы байланыстың абоненттік құрылғысына sms-хабарландыру жіберу арқылы хабардар етеді. Sms-хабарландырулар осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізілетін sms-хабарландырулардың электрондық журналында тіркеледі.”;
25-тармақтың бесінші бөлігі, 31-тармақ,40-тармақ,41-тармақ,42-тармақ,49–тармақтың бірінші бөлігі,53-тармақ,56-тармақ,59-тармақтың бірінші бөлігі, 60-тармақ,70-тармақтың бірінші бөлігі,71-тармақтың бірінші бөлігі,72-тармақтар жаңа редакцияда жазылған.
көрсетілген Қағидалардың 1-қосымшасы осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылған;
көрсетілген Қағидалардың 2-қосымшасы осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылған;
көрсетілген Қағидалардың 5-қосымшасы осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылған;
көрсетілген Қағидалардың 6-қосымшасы осы тізбеге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылған;
көрсетілген Қағидалардың 7-қосымшасы осы тізбеге 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылған;
көрсетілген Қағидалардың 8-қосымшасы осы тізбеге 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылған;
көрсетілген Қағидалардың 11-қосымшасы осы тізбеге 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылған;
көрсетілген Қағидалардың 18-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілген, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермеген;
көрсетілген Қағидалардың 22-қосымшасы осы тізбеге 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылған;
көрсетілген Қағидалардың 30-қосымшасы осы тізбеге 9-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылған;
көрсетілген Қағидалардың 32-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілген, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермеген.
- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 30 маусымдағы № 278 бұйрығымен:
6-тармақтың 3) тармақшасының үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылған:
“Жұмыс істемейтін әкенің жас балаларға нақты күтім жасауын жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын сот шешімі (егер көрсетілген кезең баланың анасының зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне есептелмеген жағдайда).”;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылған:
“15. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде табыс орталықтандырылған дерекқордың міндетті зейнетақы жарналарының, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың және/немесе жарналардың аударылуы туралы мәліметтерімен расталады.”;
21-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілген, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылған:
“23. Егер зейнетақы төлемдерін тағайындау (өзгерту, қалпына келтіру) туралы шешім қабылдау үшін ЭІМ-ге осы Қағидалардың 6, 7, 8, 9 және 10-тармақтарында көзделген қосымша құжаттарды қоса тіркеу қажет екені анықталса және (немесе) табыс орталықтандырылған дерекқордың міндетті зейнетақы жарналарының, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың, міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдардың және/немесе жарналардың және жеке табыс салығының аударылуы туралы мәліметтерімен расталмаса, уәкілетті орган ЭІМ-ні қайтарады және осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі арқылы хабарлама жібереді.
Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі хабарлама түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіні хабарлама немесе ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы ар sms-хабарландыру алған күннен бастап жиырма бес жұмыс күні ішінде қосымша құжаттарды ұсыну туралы, оның ішінде ұялы байланыстың абоненттік құрылғысына sms-хабарландыру жіберу арқылы хабардар етеді. Sms-хабарландырулар осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізілетін sms-хабарландырулардың электрондық журналында тіркеледі.
Егер зейнетақы тағайындау үшін қажетті құжаттар отыз жұмыс күні ішінде ұсынылса, Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға бекіту үшін электрондық шешім жобасын жібереді, зейнетақыны тағайындау (қайта есептеу, бұрынғы шешімді қайта қарау немесе тағайындаудан бас тарту) құқығы туындаған күннен бастап төлем жасау туралы.
Егер талап етілген құжаттар отыз жұмыс күні өткен соң ұсынылса, осы Қағидалардың 35 және 36-тармақтарына сәйкес қайта өтініш берген күн жүгінген күн болып есептеледі.
ЭІМ-де, оның ішінде портал арқылы қабылданған өтініштер бойынша зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау (төлемді өзгерту, қалпына келтіру, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін жетіспейтін құжат болмаған жағдайда, уәкілетті орган тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады.
Ұсынылған құжаттарды тексеру үшін негіздер болған кезде уәкілетті орган жаңадан ұсынылған құжаттарды қоса алғанда, оларды тексеруді он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырады.
Зейнетақы тағайындау үшін ұсынылған құжаттарға (мәліметтерге) тексеру жүргізу үшін негіздер мыналар болып табылады:
1) міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық түспеуі;
2) ұсынылған құжаттардағы мәліметтердегі сәйкессіздіктерді және (немесе) қайшылықтарды анықтау;
3) түзетулерді қоса алғанда, құжаттардың дұрыс емес белгілерінің болуы және қажетті растайтын мәліметтердің болмауы.
Ұсынылған мәліметтерді растау не теріске шығару мақсатында уәкілетті орган сұрау салуларды мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және өзге де көздерге жібереді.
Ұсынылған құжаттарға тексеру жүргізілген жағдайда хабарлама осы Қағидаларға 15-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жіберіледі, ал SMS-хабарламалар осы Қағидаларға 15-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша SMS-хабарламалардың электрондық журналында тіркеледі.
Өтініш берушіге хабарлама жіберілгеннен кейін, Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі ЭІМ-де бар деректер негізінде шешімнің электрондық жобасын қалыптастырады және зейнетақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
Тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті орган алынған құжаттар мен мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне ЭІМ-ге қосу және қажет болған жағдайда оны пысықтау үшін жібереді.
Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі пысықталған ЭІМ-н уәкілетті органға жібереді, ол оны қарайды және зейнетақы тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.”;
38-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылған:
“38. Сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) адам үшін төлем алатын қорғаншы (қамқоршы) ауысқан жағдайларда Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі осы Қағидаларға 12 және 13-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша зейнетақыларды тағайындау, қайта есептеу, тағайындау туралы шешімді қайта қарау (қайта бастау немесе тағайындаудан бас тарту) туралы шешім жобасын дайындайды.”;
көрсетілген Қағидалардың 3-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілген, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген Қағидалардың 12-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілген, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген Қағидалардың 13-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілген, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес 15-1 қосымшамен толықтырылған;
осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес 15-2 қосымшамен толықтырылған;
көрсетілген Қағидалардың 16,19,20,24,25,28,32-қосымшаларының, орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілген, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермеген;
№1 Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру
бөлімінің бас маманы Ж.Арапбаева
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-shymkent/press/news/details/1289877?lang=ru

Жауап қалдыру