📌 Еңбекті қорғау және қауіпсіздік — ерекше бақылауда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету — жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғаудың негізгі құрамдас бөліктерінің бірі.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында «Qarmet» ЖШС өкілдерімен кездесу өткізіліп, еңбек заңнамасының сақталуы, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

🔹 Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге және өндірістік жарақаттанудың алдын алуға;

🔹 жұмыс берушінің еңбекті қорғау саласындағы заңнама талаптарын сақтауына;

🔹 жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге және қорғауға;

🔹 жұмыс берушілердің қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі жауапкершілігін арттыруға ерекше назар аударылды.

Мұндай кездесулер заңнама талаптарын уақтылы түсіндіруге, проблемалық мәселелерді анықтауға және олардың алдын алу бойынша қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.

Қауіпсіз еңбек — жұмыс берушінің жауапкершілігі және әрбір жұмыскердің құқықтарын қорғаудың кепілі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1289885?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді