
ТӨЛЕУ ҚАЖЕТ:
2026 ЖЫЛҒЫ 25 МАУСЫМҒА ДЕЙІН:
• Шетелдік персоналға төленген табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы (ЖТС);
• Кәсіпшілік балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы.
2026 ЖЫЛҒЫ МАУСЫМ АЙЫ ҮШІН:
• Корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша аванстық төлемдер;
• Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы.
2026 ЖЫЛҒЫ МАМЫР АЙЫ ҮШІН:
• Төлем көзінен ұсталатын КТС және ЖТС;
• Әлеуметтік салық;
• Бірыңғай төлем;
• Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);
• Міндетті зейнетақы жарналарының жұмыс беруші жарналары (МЗЖЖ);
• Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ);
• Әлеуметтік аударымдар;
• Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар (МӘМС);
• Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар (МӘМС жарналары).
СОНЫМЕН ҚАТАР:
• Мамыр айында жер пайдалану шарты жасалған жағдайда жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;
• Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы – ағымдағы төлем және мамыр айында рұқсат алынған жағдайда;
• Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақы – ағымдағы төлем.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1289984?lang=ru

Жауап қалдыру