
«Сарыкөл ауданының Тағыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын Сарыкөл ауданы Тағыл ауылдық округінің әкімі Жұбанова Г.А жүргізді.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібіне қойылатын негізгі талаптар, азаматтардың өтініштерін қабылдау және қарау тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері түсіндірілді.
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау, мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы көрсету, сондай-ақ негізсіз бас тартуға және оларды көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Түсіндіру жұмысын жүргізудің негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, мемлекеттік орган қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-sarykol-tagil/press/news/details/1289999?lang=ru

Жауап қалдыру