Командалық рух: Жетісу полицейлері дене дайындығын шыңдауда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысы Полиция департаментінің қызметкерлері арасында дене шынықтыру даярлығы бойынша сабақтар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл – полицейлердің физикалық дайындығын жетілдіріп қана қоймай, қызметтік міндеттерді орындауға қажетті шапшаңдық, төзімділік пен ептілікті шыңдаудың маңызды бөлігі.

Бекітілген кестеге сәйкес кезекті дене шынықтыру даярлығы сабағы Департаменттің басшы құрамының қатысуымен өтті. Қызметкерлер күш, жылдамдық, ептілік пен төзімділікті арттыруға бағытталған жаттығуларды орындады.

Жаттығу соңында Департамент бастығы, полиция генерал-майоры Қусаинов Сарқытбай Зәкірұлының қатысуымен волейболдан жолдастық кездесу ұйымдастырылды.

Спорт алаңында қызметкерлер бір команда ретінде күш сынасып, өзара қолдау мен ұйымшылдықтың маңызын көрсетті. Мұндай ойындар ұжым мүшелерінің арасындағы өзара түсіністікті нығайтып, командалық рухты қалыптастыруға ықпал етеді.

Полиция қызметкері үшін кәсіби білім мен тәжірибемен қатар, жоғары дене дайындығы да маңызды. Сондықтан спорттық жаттығулар мен командалық ойындар қызметкерлердің кәсіби даярлығының ажырамас бөлігіне айналған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1290017?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді