Отбасына қолдау – қоғамға қолдау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе қаласының Отбасын қолдау орталығында Отбасы күніне орай «Отбасында қиындық туындаса, қайда жүгінуге болады?» тақырыбында Ашық есік күні өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – түрлі өмірлік жағдайларға тап болған отбасыларға қолдау көрсетіп, қиындықтарды еңсерудің тиімді жолдарын түсіндіру, сондай-ақ мемлекеттік және әлеуметтік қызметтер туралы жан-жақты ақпарат беру.

Ашық есік күніне келген тұрғындар өздерін толғандырған мәселелер бойынша бірқатар сала мамандарынан жеке кеңес алды. Шара барысында қалалық мәслихат депутаттары, медицина қызметкерлері, «Отбасы банк» өкілдері, заңгерлер, отбасылық медиаторлар, әлеуметтік қызметкерлер, Мансап орталығының мамандары мен бизнес өкілдері отбасыларға қажетті бағыт-бағдар ұсынып, нақты мәселелер бойынша кеңес берді.

Мамандармен жүздесу барысында тұрғындарға әлеуметтік қолдау алу, құқықтық және медициналық көмекке жүгіну, жұмыспен қамту, тұрғын үй мәселелерін шешу, сондай-ақ отбасылық дауларды реттеу жолдары түсіндірілді. Қатысушылар қажетті қызметтерді алу тәртібі жөнінде де толық ақпарат алды.

Мұндай кездесулердің маңызы зор. Себебі кейде отбасында туындаған мәселені шешуге қажетті мүмкіндік бар болғанымен, оны қайдан және қалай іздеу керектігі белгісіз болып жатады. Ал дер кезінде көрсетілген кеңес пен дұрыс бағыт отбасының қиын жағдайдан шығуына үлкен септігін тигізеді.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-social/press/news/details/1290037?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді