БҚО облысы Казталов ауданы, Казталов ауылында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«11» қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Казталов ауылының аумағында «Казталов-Антитеррор-2026» терроризмге қарсы оқу жаттығуы өткізілуде.
Оқу-жаттығудың мақсаты – Казталов ауданының арнайы, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұру деңгейін тексеру.
Осыған байланысты аудан тұрғындары мен қонақтары жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырылады.

 

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі БҚО жедел штабы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1290190?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді