
2026 жылдың 11 қыркүйегінде Ұлытау облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен, Кітап оқу мәдениетін дамыту және «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонына қатысу мақсатында Департаменттің мемлекеттік қызметкерлеріне «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» марафонының мақсаты, шарттары мен оған қатысу ережелері, тіркелу жолдары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен елімізде ұлттық зияткерлік әлеуетті арттыруға бағытталған «Кітап оқитын ұлт» ауқымды Мемлекеттік қызметшілер мен ведомствоға қарасты мекемелердің қызметкерлері арасында республикалық марафоны бұл — тек кезекті жоба емес, бұл — жаңа форматтағы интеллектуалды қозғалыс.
Мемлекеттік қызметші — заманауи білімнің, кең өрістіліктің және іскерлік мәдениеттің үлгісі. Бүгінгі таңда кітап оқу — трендтегі әдет қана емес, сонымен бірге сыни ойлауды, шешендік өнерді, стресске төзімділікті және бапталған көшбасшылық қасиеттерді дамытудың ең тиімді құралы. Озат әдебиеттерді оқу арқылы біз кәсіби деңгейімізді арттырып қана қоймай, облысымыздың мемлекеттік аппаратының интеллектуалды имиджін жаңа белеске көтереміз.
Марафонға қатысу үшін мемлекеттік қызметшілер https://reading-nation.kz/ ресми сайт арқылы онлайн тіркелу қажет.
Баршаңызды білім мен интеллектуалды бәсеке додасында қатысуға атсалысып, бірге болуға шақырамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-ulytau/press/news/details/1290221?lang=ru

Жауап қалдыру