Жанасемей ауданында мемлекеттік және өзге де мүдделі ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекеттік еңбек инспекциясының Абай облысы бойынша департаменті Шульбинск кентінде, Новошульба және Приречный ауылдарында «Абай облысы Жанасемей ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ және «Абай облысы Жанасемей ауданының Мансап орталығы» өкілдерімен бірлесіп ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесулер барысында еңбек заңнамасының сақталуы, өндірістік жарақаттанудың алдын алу, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұмыскерлердің әлеуметтік кепілдіктерін қорғау, сондай-ақ еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан жұмыскерлердің өмірін міндетті сақтандыру мәселелері қаралды.

Аталған іс-шаралар тиісті елді мекендердің әкімдіктерімен бірлесіп өткізілді. Іс-шараға шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің басшылары, мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен мекемелердің өкілдері, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалар қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abai-enbek/press/news/details/1290240?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді