Президент спорт саласындағы жетістігі үшін бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Марапаттау рәсімі барысында ел спортының дамуына үлес қосып жүрген спортшылар мен сала мамандарының еңбегі атап өтілді.

Мемлекеттік наградалар халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларға, жаттықтырушыларға және VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын жоғары деңгейде өткізуге атсалысқан азаматтарға табысталды.

Мемлекет басшысы спортшылардың жетістігі ел абыройын асқақтатып қана қоймай, жас ұрпаққа жігер беретінін атап өтті.

Президент бұған дейін Көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы жалпы есепте бірінші орын алғанын айтып, ұлттық құрама спортшыларының ел үмітін ақтағанына ризашылығын білдірген болатын.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1290261?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді