
Сіздерді 12 қыркүйек күні өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне шақырамыз:
▪️ «Алтай» КТО (Жібек Жолы көшесі, 44);
▪️ «Дос-Нар» СҮ (Виноградов көшесі, 17а)
Жәрмеңкеде сіздерді кең ассортименттегі өнімдер күтеді: жаңа піскен ет өнімдері (сиыр еті, жылқы еті, қой еті, шошқа еті), шұжық және сүт өнімдері, нан-тоқаш өнімдері, бал және тағы басқа өнімдер.
Бұл – сапалы өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алуға, отандық өндірушілерді қолдауға және жағымды атмосферада уақыт өткізуге тамаша мүмкіндік!
Жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 08:00-ден 12:00-ге дейін.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/1290314?lang=ru

Жауап қалдыру