«SARAISHYQ UPGRADE 2026» жастар форумы қорытындыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атырауда екі күнге созылған «SARAISHYQ UPGRADE 2026» жастар форумы аяқталды. Биыл форумға қатысуға 1000-нан астам жас өтінім беріп, іріктеу нәтижесінде 300-ге жуық қатысушы жоба жұмысына қатысты.

Форумның екінші күні қатысушылар алты бағыт бойынша шеберлік сабақтарына қатысып, өз жобаларын қорғады. Шеберлік сабақтарын Олжас Нұрбай, Дастан Оразбеков, Фарангиза Шукашева, Амангелді Ислам, Сандуғаш Абдиева және Дәуіт Сұраған өткізді.

Жиынға Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев қатысып, жастарға сәттілік тіледі. Сондай-ақ форумның алты бағыты бойынша шеберлік сабақтарын өткізген спикерлерге Атырау облысы әкімінің алғыс хаттары табысталды.

– Биылғы «SARAISHYQ UPGRADE 2026» форумы да өз мәресіне жетті. Қатысушылардың белсенділігі жастардың форумға деген қызығушылығы жоғары екенін көрсетті. Форум аяқталғанымен, мұнда қорғалған жобалар алдағы уақытта іске асып, жалғасын табады деп сенемін. Баршаңызға сәттілік тілеймін! – деді Жасұлан Бисембиев.

Қорытынды кеште «Үздік жоба үшін Grant» байқауының жеңімпаздары анықталды. Алты бағыттың әрқайсысы бойынша үздік деп танылған бір қатысушыға 500 мың теңгеден грант табысталды.

Атап айтсақ, маркетинг бағыты бойынша Астана қаласынан келген Ерасыл Казкен, жасанды интеллект және IT бағытында Ақтөбе облысынан Жоламан Әбутәліп, музыка бойынша Батыс Қазақстаннан Айша Қапанова үздік жоба иелері атанды.

Ал Атырау облысынан Ерасыл Мағзом Event бағытында, Бекзат Тулепов кинематография бағыты бойынша және Абылай Кусайн хореография бағытында үздік деп танылды.

Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған форум Атыраудың тарихи-мәдени әлеуетін танытып қана қоймай, жастардың өзара тәжірибе алмасуына, жаңа бастамаларын жүзеге асыруына және жаһандық даму үрдістеріне белсенді қатысуына мүмкіндік беруде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/1290347?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді