
Қызылорда облысының Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасының басшысы Ерлан Бәкіров «Ана үйі» қоғамдық қорының қызметімен танысып, қор мамандарымен пікір алмасты.
Басқарма басшысы ұйымның негізгі қызмет бағыттары, аналар мен балаларға көрсетілетін әлеуметтік-психологиялық және құқықтық қолдау шаралары, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Кездесу барысында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отбасын сақтап қалуға ықпал ету, ана мен балаға кешенді қолдау көрсету және олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, кейс-менеджмент тәсілін тиімді пайдалану, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту бағытында пікір алмасу жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/balakorgau-kzl/press/news/details/1290525?lang=ru

Жауап қалдыру