
Кентау қаласының тұрығыны Гуламжан Аданов 2019 жылы ҚАЛАДАН «ALFA GROUP MD» ЖШС кіші цехын іске қосқан. Алғашқыда шағын техникамен бастаған өнімге сұраныс артып, қосымша қажетті өнім түрлерін қосады. Қазіргі таңда құрылысқа қажетті тауарлы бетон, бетон плиталары мен блоктары секілді 10‑нан астам өнім түрін шығаратын заманауи кәсіпорынға айналды.
«Сапалы өнім – жоғары сұраныстың кепілі» бұл кәсіпорын басшылығының ұстанымы. Сол себепті де барлық өнімдер өндіріс алаңынан шыққан сәттен бастап ғылыми‑зертханалық сынақтардан өтіп, дәлелденген сапа стандарттарына толық сай келетініне кепілдік беріледі.
Қазіргі уақытта «ALFA GROUP MD» ЖШС зауытында 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Дегенмен, аталмыш кәсіпорын өндіріс қуатын ұлғайту арқылы қызметкерлер санын арттыруға және ауқымды жобаларды жүзеге асыруды жоспарлауда.
Қажетті заманауи техникалық жабдықтар Түркиядан әкелінсе, шикізат негізінен Түркістан облысы мен оның айналасынан жеткізіледі.
Өнімдер Кентау қаласынан бөлек, Түркістан мен Шымкент қалаларына, сондай‑ақ Қызылорда облысына тұрақты түрде жеткізіліп, әр құрылыс жобасының сенімді серігіне айналып келеді.
Кәсіпорын болашақта бетон іргетастары, темір торлар, профлист, құмблоктар, брусчаткалар сияқты ассортиментті кеңейтіп, тапсырысқа өндірілетін өнімдердің түр-түрін ұсынуды жоспарлап отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/983420?lang=kk
Жауап қалдыру