СҚО-да есірткі таратқаны үшін ер адам үш жылға бас бостандығынан айырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аққайың ауданында полицейлер синтетикалық есірткіні заңсыз сақтау фактісін анықтады. Жедел іс-шаралар барысында Григорьевка мен Камышлово ауылдарының арасындағы автожолда көлік тоқтатылды. Оның ішінде азаматтығы жоқ, ауданның 52 жастағы тұрғыны болған. Тексеру кезінде одан салмағы 1,06 грамм а-PVP есірткі заты салынған пакет табылды. Сондай-ақ екі медициналық тамызғыш тәркіленді.

Ер адам есірткіні Петропавл қаласында жасырын орыннан – «закладкадан» алып, сатып алғанын мойындады. Сот оны есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз айналымға жіберуге кінәлі деп таныды. Ауыл тұрғыны Петропавлдағы колонияда 3 жыл жазасын өтеп жатыр. Бостандыққа шыққаннан кейін профилактикалық есепке қойылады.

Полицейлер есірткіні «өзім үшін» сатып алған жағдайда ауыр зардап болмайды деген түсінік қауіпті қателік екенін еске салады.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстанда психотроптық заттарды медициналық емес мақсатта тұтынғаны және сақтағаны үшін 78 адам айыппұл төледі. Есірткі заттарының аса ірі мөлшердегі заңсыз айналымына қатысты 7 адам ұсталды. Бұл қылмыс үшін заңда 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1290607?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді