Музейге саяхат

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «Музейге саяхат» тақырыбында шара ұйымдастырылды.
Көрермендер музей залдарын аралап, түрлі шеберлік сағатына қатысты. Тарихи тұлғалар кейпіндегі сахнагерлермен «Жанданған картина» жанында жүздесе алды. Музейге саяхат жасаушылар витражды пленкаға сурет салу мүмкіндігіне де ие болды. Сондай-ақ, қолөнершілермен бірге саз балшықтан құмыра жасап, гобелен тоқу, зергерлік өнер, құммен сурет салып көрді. «Музейлік QUEST» ойындары, витражды шыныға сурет салудан сайыс ұйымдастырылып, қатысушылр бағалы сыйлықтарға ие болды.
Кештің басты қонағы ҚР Суретшілер одағының мүшесі, халықаралық көрмелердің қатысушысы Дәуренбек Бекназаров заманауи синтездік графика өнерінен шеберлік сағатын өткізді.
Қылқалам шеберлері “Таза Қазақстан” экологиялық акциясына үлес қосуды да ұмытпады. “Ait Gallery” өнер галереясының негізін қалаушы, Өнер диллері Кенжебек Айтхожиннің және бір топ қолөнер шеберлерінің қалдықтардан жасалған жаңа туындыларынан көрме ұйымдастырылды.
Бұл бұйымдар, негізінен, тұрмыста, үй немесе саяжай тұрмысында қажетті қалдықтардан (пластик ыдыстардан, қаптардан, банка, картон қағаздан, мата қалдықтары және т.б.) жасалған. Аталған көрме шығармашылыққа баулуға, эстетикалық танымды кеңейтуге, қоршаған ортаны қорғауға үйретуге ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-madeniet/press/news/details/984656?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді