СҚО-да үшінші күн тасқынмен күрес: бөгетті нығайту жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

СҚО-да су тасқынының үшінші толқыны өтіп жатыр. Қызылжар ауданының Тепличное ауылында қорғаныс бөгетін нығайту жұмыстары үшінші күн бойы тоқтаусыз жүргізілуде. Жұмыстар тәулік бойы атқарылып жатыр. Бұл іске 1600 адам мен жүзден аса техника жұмылдырылған. Аймақтағы жағдай облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жеке бақылауында. 

Нысанда әскерилер, құтқарушылар, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, еріктілер аянбай еңбек етуде. Сонымен қатар, көмекке Ақмола, Қостанай облыстары мен Астанадан құтқарушылар келген.

Тепличное ауылында 700 адам тұрады. Уақытылы эвакуация жүргізілді, Бескөл мен Петропавлда эвакуациялық бекеттер ашылды.

Өңірдегі су тасқыны жағдайы тәулік бойы бақылауда. Су тасқынының шарықтау шегі 28-30 сәуір күндері күтілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/984641?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді