
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов Ақтөбе қаласында облыстық жедел-құтқару жасағының құтқару станциясын ашты. Салтанатты рәсімге Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері және азаматтық қорғау органдарының ардагерлері қатысты. Станцияның құрылысы облыстық бюджет қаражаты есебінен 2026 жылғы тамыз-қыркүйек айлары аралығында жүргізілді.
Құтқарушылар мұнда тәулік бойы кезекшілік атқарып, Елек өзенінің ағысымен жоғары қарай ұзындығы бес шақырым болатын учаскені патрульдейді. Суға шығу үшін арнайы пирс жабдықталған. Станцияда техникаға арналған бокс, демалыс бөлмесі және ас үй бар.
Суда жұмыс істеу үшін аквакостюмдер мен сүңгуір жабдықтары қарастырылған. Жаңа нысан мен техника құтқарушыларға әр маусымда қызмет атқаруға мүмкіндік береді.
Ашылу салтанатында құтқарушыларға автокөліктердің кілттері табысталып, бір қызметкерге азаматтық қорғау майоры атағы берілді. Мұрат Мұханов жеке құрамды станцияның ашылуымен құттықтады. Жаңа бекеттің символикалық кілті оның бастығына табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1290667?lang=ru

Жауап қалдыру