
Бисен ауылында Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан, «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері, жерлесіміз Жиеналиев Зүлзәлә Мағзомұлын еске алуға арналған ересектер арасындағы волейболдан аудандық турнир жоғары деңгейде өтті.
Жарыстың ашылу салтанатында ауылдың спорт ардагерлері Есболат ағамыз, Бисен ағамыз және Болат ағамыз сөз сөйлеп, спортшыларға ақжарма тілектерін білдірді. Сонымен қатар, Зүлзәлә Мағзомұлының інісі Дарған ағамыз және құрдастары жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Жарысқа Сайқын, Хан ордасы, Мұратсай, Саралжын, Ұялы, Жиекқұм, Бисен-1 және Бисен-2 командалары қатысып, өзара бақ сынады.
Аталған турнирдің өтуіне жерлесіміздің құрдастары, 1981 жылғы түлектер ақшалай демеушілік көрсетіп, игі бастамаға өз үлестерін қосты.
Жарыс қорытындысы бойынша:
І орын – Бисен ауылы командасы
ІІ орын – Хан ордасы ауылы командасы
III орын – Мұратсай ауылы командасы
* Жекелей номинациялар бойынша:
«Үздік қорғаушы» – Қабылхан Ерхан (Мұратсай ауылы)
«Үздік шабуылшы» Әділханұлы Мейірхан (Хан ордасы ауылы)
«Үздік ойыншы» Саматов Алихан (Бисен ауылы)
Сонымен қатар, жарыстың жекелей номинациялары бойынша ауыл жастары да демеушілік болды атап өтсек Д.Аймағанбетов,
Т.Сейітқалиев, Д.Еділбаев, А.Губашев, Ә.Төлеуов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bokeyorda/press/news/details/1290856?lang=ru

Жауап қалдыру