
2026 жылдың 11 қыркүйегінде сағат 9:00-де Алатау қаласының мәслихатының тұрақты комиссияларының отырысы өтті.
Күн тәртібінде:
1. Тұрғындарды әлеуметтік қорғау, еңбек, жұмыспен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және тіл, депутаттық этика, өкілеттіктер, заңдылықты сақтау, құқық тәртібі және жұртшылықпен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Ж.С. Нұрманбаев «Қала мектептерінің жаңа 2026-2027 оқу жылына дайындығы туралы» мониторинг жүргізу нәтижесі бойынша анықтама оқыды.2. Алатау қаласының білім беру бөлімінің басшысы Г.Ж. Ерубаева «Алатау қаласының мектептерінің жаңа 2026-2027 оқу жылына дайындығы туралы» баяндама жасады.
3. Алатау қаласының полиция бөлімінің кәмелет жасқа толмаған жастар ісі бойынша инпекторы капитан Н.Қ. Нұрғожаев «Алатау қаласы бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» баяндама жасады.
4. Алатау қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ж. Солтанбек «Алатау қаласының мектептері және асханалары жаңа 2026-2027 оқу жылына санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы» баяндама жасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-alatau/press/news/details/1291049?lang=ru

Жауап қалдыру