ТІЛ – ҰЛТТЫҢ РУХАНИ ТІРЕГІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Құрметті Шардара ауданының тұрғындары!
Қадірлі жерлестер!
Сіздерді Қазақстан халқының тілдері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тіл – ұлттың рухани өзегі, халықтың тарихи жады мен мәдениетінің алтын арқауы. Ана тіліміз арқылы біз ата-бабамыздан қалған асыл мұраны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, ұлттық құндылықтарымызды дәріптейміз. Сондықтан мемлекеттік тілді құрметтеу – елдігімізді құрметтеу, туған халқымыздың тарихы мен болашағына деген жауапкершілік.
Қазақ тілі – халқымыздың бірлігін бекемдейтін, ел тәуелсіздігін айшықтайтын басты рухани құндылықтардың бірі. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, оның қолданыс аясын кеңейту – баршамызға ортақ міндет.
Шардара – түрлі этнос өкілдері өзара сыйластық пен татулықта өмір сүріп жатқан берекелі мекен. Еліміздегі барлық тілге құрметпен қарау – қоғамдағы тұрақтылық пен бірліктің маңызды негізі. Ана тілін ардақтап, мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосу – әр азаматтың ел болашағына қосқан үлесі деп білемін.
Тіліміз тұғырлы, бірлігіміз бекем, елдігіміз мәңгі болсын!
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Қазақ тілінің мәртебесі асқақтап, ұрпағымыздың бойында ана тіліне деген сүйіспеншілік пен құрмет арта берсін!
Тіл мерекесі құтты болсын!
Шардара ауданының әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1291046?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді