
2026 жылғы 9 қыркүйек күні сағат 11:00-де Шардара қаласындағы С. Әшіров көшесі бойында орналасқан Ардагерлер үйінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібековтың ұйымдастыруымен мәжіліс өтті.
Жиынға Шардара ауданы әкімінің орынбасарлары Б. Төребеков пен Е. Қаратунов, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері және ардагерлер қатысты.
Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдағы кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, білім мен рухани құндылықтарды дәріптеу бағытындағы бастамалары сөз болды. Сонымен қатар, алдағы Қарттар күніне дайындық, ардагерлердің қоғамдағы белсенділігін арттыру және аудан көлемінде идеологиялық бағытта атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.
Жиында Шардара ауданындағы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесіне де ерекше назар аударылды. Тұрғындарды сапалы әрі тұрақты ауыз сумен қамтамасыз ету, жаңа су жүйесінің мүмкіндіктері және халыққа көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру мәселелері бойынша пікірлер айтылды.
Ардагерлер өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасарлары көтерілген мәселелердің назарға алынатынын айтып, тиісті бағыттар бойынша жұмыстардың жүйелі түрде жалғасатынын жеткізді.
Жиын соңында ардагерлер ауданның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына қатысты бастамаларды қолдайтындарын білдіріп, ел бірлігі мен қоғамдық тұрақтылықты нығайту бағытындағы жұмыстарға белсенді атсалысуға дайын екендерін атап өтті.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1291078?lang=ru

Жауап қалдыру