
Гигиеналық сауаттылық деңгейін арттыру және инфекциялық аурулардың таралуын болдырмау мақсатында Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) мамандары «Желдортранс-Ақтөбе» ЖШС қызметкерлері арасында ақпараттық семинар өткізді. Семинар барысында қатысушыларға жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар, оның ішінде құрамдау пункттерінде, жол жүру барысында және айналым пункттерінде сақталуға тиіс талаптар түсіндірілді. Сонымен қатар, құтыру ауруының жұғу жолдары мен алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді. Іс-шара соңында қатысушылардың қызықтырған сұрақтарына жауаптар беріліп, бекіту материалы ретінде ЖРВИ, тұмау және қант диабетінің алдын алу бойынша жадынамалар табыс етілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1291005?lang=ru

Жауап қалдыру