Жаңалық

Жарияланды:

Автор:

категорияда
СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫН ӨРКЕНДЕТІП ОТЫР
Жартытөбе ауылында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында құс шаруашылығын дамытуға бағытталған жаңа жоба жүзеге асырылуда. «JARTYTOBE BROYLER» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі өз жұмысын бастап, бройлер тауықтарын, күркетауық құстарын өсірумен айналысуда. Жартытөбе ауылына арнайы барған аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков кооператив жұмысымен танысып, кәсіпорнынның өндірістік мүмкіндіктері мен алдағы жоспарларын тыңдады.
Кәсіпкер құс өнімдерін қайта өңдеу жобасын іске асыру үшін 30 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген несие алған. Қаржы өндірістік базаны қалыптастыруға және құс шаруашылығын жолға қоюға бағытталған. Қазіргі таңда кооперативте бройлер тауықтарын өсіру жұмыстары жүргізіліп, құс еті мен жұмыртқа өндіріліп, нарыққа шығарылуда. Алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайту, өнім түрлерін көбейту және құс шаруашылығының ауқымын кеңейту жоспарланған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
————
ЖИТЕЛЬ СОЗАКСКОГО РАЙОНА РАЗВИВАЕТ ПТИЦЕВОДСТВО В РАМКАХ ПРОЕКТА «АУЫЛ АМАНАТЫ»
В селе Жартытөбе реализуется новый проект по развитию птицеводства в рамках программы «Ауыл аманаты». Сельскохозяйственный производственный кооператив «JARTYTOBE BROYLER» уже начал работу. Здесь выращивают бройлерных кур и индюков.
В Жартытөбе побывал аким Созакского района Мухит Турысбеков. Он ознакомился с работой кооператива, производственными возможностями предприятия и планами по дальнейшему развитию.
Для запуска проекта по переработке продукции птицеводства предприниматель получил льготный кредит в размере 30 млн тенге. Средства направлены на создание производственной базы и развитие птицеводства.
Сегодня в кооперативе выращивают бройлерных кур, производят мясо птицы и яйца и реализуют их на рынке. В дальнейшем планируется увеличить объемы производства, расширить ассортимент и нарастить масштабы птицеводства.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1290949?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді