ШҚО-да «ҚАРУ» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы шығарылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО-да «ҚАРУ» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы шығарылды

Шығыс Қазақстан облысында атыс қаруын қолдану арқылы жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қарудың ұрлануы мен жоғалуына жол бермеуге, сондай-ақ заңсыз айналымдағы қаруды анықтауға бағытталған республикалық «ҚАРУ» жедел-профилактикалық іс-шарасы аяқталды.

Іс-шара 9-11 қыркүйек аралығында өтті. Осы кезеңде полиция қызметкерлері азаматтық қару иелерінің тұрғылықты жері бойынша 1 152-ден астам тексеру жүргізді.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде:

  • заңсыз айналымнан 4 дана атыс қаруы тәркіленді;
  • қару айналымы саласында 15 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды;
  • қаруды сақтау талаптарын бұзудың 7 фактісі тіркеліп, ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы бойынша шаралар қабылданды;
  • қаруды тіркеу қағидаларын бұзудың 5 фактісі анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабы қолданылды;
  • 3 азамат қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау және алып жүру фактілері бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция азаматтық қару иелеріне қаруды сақтау, тіркеу және айналымға енгізу кезінде заңнамада белгіленген талаптарды қатаң сақтаудың маңызын еске салады. Белгіленген тәртіпті бұзғаны үшін заңнамаға сәйкес жауапкершілік көзделген.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1291270?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді