Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов кәсіби және балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға, дене шынықтыруды насихаттауға және заманауи спорт инфрақұрылымын қалыптастыруға елеулі үлес қосып жүрген сала өкілдеріне ведомстволық наградалар табыстады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов кәсіби және балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға, дене шынықтыруды насихаттауға және заманауи спорт инфрақұрылымын қалыптастыруға елеулі үлес қосып жүрген сала өкілдеріне ведомстволық наградалар табыстады.

Алмас Әлсенов спорт саласын дамытуға қосқан үлесі мен елеулі жетістіктері үшін «Спорт саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Алмас Әлсенов Қазақстанда спортты дамытуға тұрақты қолдау көрсетіп, өскелең ұрпаққа жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған жобаларды жүзеге асырып келеді. 2026 жылы оның бастамасымен Қазақстанда Францияның Paris Saint-Germain футбол клубының PSG Academy академиясы ашылды.

Академия балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға, жас спортшыларды халықаралық стандарттарға сай даярлауға және олардың кәсіби өсуіне жағдай жасауға бағытталған. Алғашқы маусымда академияға 6-14 жас аралығындағы 300-ге жуық баланы қабылдау жоспарланған.

Сонымен қатар Алмас Әлсенов отандық дзюдоның дамуына белсенді атсалысып келеді. Ол JENYS кәсіби клубының құрылтайшысы. Бұған дейін Халықаралық дзюдо федерациясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалған. Сондай-ақ дзюдо саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және спорт түрінің коммерциялық тартымдылығын арттыруға үлес қосып келеді.

Қазақстандағы алғашқы кәсіби дзюдо клубы – JENYS-тің бас директоры, Қарағанды облысы дзюдо федерациясының президенті, Азия дзюдо одағының (Judo Union of Asia, JUA) директоры әрі Атқарушы комитетінің мүшесі Тимур Тұрсымбаев «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Тимур Тұрсымбаев ұзақ жылдар бойы өңірлік және республикалық деңгейде дзюдоны дамытуға үлес қосып келеді. Ол Қарағанды облысының дзюдо федерациясын және JENYS кәсіби клубын басқарады. Клубтың жұмысы спортшыларды қолдауға, спорт резервін даярлауға және дзюдоның танымалдығын арттыруға бағытталған.

Оның қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі – жас спортшыларды қолдау және балалардың дзюдомен айналысуына жағдай жасау. JENYS клубы мектептерде және балалар мен жасөспірімдер арасында дзюдоны дамытуға бағытталған бастамаларға да белсенді атсалысып келеді.

Атап айтқанда, клуб Туризм және спорт министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі және Халықаралық дзюдо федерациясының қатысуымен жүзеге асырылып жатқан мектептерде мамандандырылған дзюдо залдарын ашу жобасына атсалысып жатыр.

Ведомстволық наградалар сала өкілдерінің отандық спортты дамытуға, спортшыларды қолдауға және халықтың дене шынықтырумен және спортпен айналысуына жағдай жасау жолындағы көпжылдық еңбегі мен кәсіби үлесіне берілген жоғары баға болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1291534?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді