
2025 жылдың 26 сәуірінде Астанада «Таза Қазақстан» акциясы аясында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің қатысуымен жалпы қалалық сенбілік өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері де белсене қатысты. Бірінші Президент саябағында ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар сағат 09:00-де Керей, Жәнібек хандары – Бөкейханова көшелерінің қиылысында жиналды. Сенбілік шамамен екі сағатқа созылды. Қатысушыларға қолғап пен құрал-жабдықтар таратылды, сондай-ақ су, күннен қорғайтын көзілдірік пен бас киім әкелу ұсынылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-astana/press/news/details/985479?lang=kk
Жауап қалдыру