«Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты» ММ ҚР Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын орындау шеңберінде 2026 жылғы 25 қыркүйек күні сағат 17:00-де Жітіқара қаласы, 6 шағын аудан мекенжайында орналасқан Аудандық Мәдениет сарайының ғимаратында (үлкен зал) Жітіқара ауданы Жітіқара қаласының әкімі М.Ж. Ордашевтың халықпен есептік кездесуі өтетінін хабарлайды.
Жазбаша нысанда ұсыныстар, ескертулер мен жауаптар жинау үшін Досқали Асымбаев көшесі, 51 мекенжайында орналасқан «Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты» ММ ғимаратында, сондай-ақ әрбір шағын ауданның ПИТК, ҮИК-де арнайы жәшіктер орнатылды.
Анықтама телефоны 2-22-66, 2-00-51.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/press/news/details/1291873?lang=ru

Жауап қалдыру