
2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында іске асырылатын пилоттық жоба — бизнесті қолдау және сүйемелдеу Орталығын (бұдан әрі-Орталық) іске қосты.
Орталықтың мақсаты — проблемаларды диагностикалау, өтініштерді бағыттау, мемлекеттік органдармен және қаржы институттарымен өзара іс-қимылды үйлестіру, сондай-ақ кәсіпкерді оның мәселесін реттегенге дейін сүйемелдеу арқылы дағдарыс жағдайындағы шағын және орта бизнес субъектілеріне жәрдем көрсету.
Орталық алаңдарында пилоттық өңірлерде Мемлекеттік кірістер аумақтық департаменттерінің мамандары мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палаталары өкілдерінің қатысуы ұйымдастырылды. Жобаны іске асыруға Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының өкілдері де қатысады.
Орталық проблемасы бірден бірнеше ведомстволардың қатысуын талап ететін кәсіпкерлерге бағытталған: салық берешегін реттеу, банктер мен микроқаржы ұйымдары алдындағы міндеттемелерді қайта құрылымдау, мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізу, өнімді өткізу мәселелері және бірнеше мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасындағы үйлестіруді талап ететін өзге де мәселелер.
«Бір терезе» қағидаты бойынша Орталықтың жұмыс механизмі құрылған: кәсіпкер бір рет — СҚО бойынша «Даму» Қоры филиалының алаңында жүгінеді. Орталық мамандары туындаған проблеманы диагностикалауды жүргізеді, оны одан әрі реттеу бағытын айқындайды, қажетті мемлекеттік органдармен және қаржы институттарымен өзара іс-қимылды үйлестіреді және оны реттегенге дейін кәсіпкерді сүйемелдейтін болады. Мәселенің сипатына қарай оны қарауға тиісті мамандар мен ұйымдар қосылатын болады — бұл кәсіпкерді әрбір ведомствоға жеке-жеке жүгіну қажеттілігінен құтқарады.
Пилоттық жоба 2026 жылғы қыркүйек пен желтоқсан аралығында іске асырылуда. Жобаны іске асыру қорытындысы бойынша оның нәтижелеріне бағалау жүргізіледі және механизмді елдің басқа өңірлеріне масштабтау бойынша ұсыныстар дайындалады.
Орталыққа СҚО бойынша «Даму» Қоры» АҚ филиалына бетпе-бет жүгінуге болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-kasipker/press/news/details/1291868?lang=ru

Жауап қалдыру