ШҚО әкімі санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады.

Құрметті санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласының мамандары!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету, жұқпалы аурулардың алдын алу және қоршаған ортаның қауіпсіздігін бақылау – аса жауапты міндет. Бұл бағыттағы жұмыстың нәтижесі көбіне күнделікті атқарылатын жүйелі әрі мұқият еңбектен көрінеді.

Сіздер тұрғындардың денсаулығына тікелей әсер ететін түрлі сырқаттардың алдын алып, санитарлық талаптардың сақталуына бақылау жасайсыздар. Әсіресе жұқпалы инфекциялардың таралуына жол бермеу, қауіп-қатерлерді ерте анықтау ісінде кәсіби біліктіліктеріңіз бен жауапкершіліктеріңіздің маңызы зор.

Шығыс Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Бұл ретте сала мамандарының тәжірибесі мен тиянақты жұмысы өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып келеді.

Осы кәсіби мерекеде өздеріңізге алғысымды білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға толағай табыс тілеймін. Әр күндеріңіз сәттілікке, әр бастамаларыңыз жетістікке толы болсын!

Құрметпен, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1291913?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді