
Алматы облысының полиция қызметкерлері азаматтарға интернет-алаяқтарды қалай тануға болатынын және олардың арбауына түсіп қалған жағдайда не істеу керектігін кезең-кезеңімен түсіндірді.
Полицейлер бейтаныс адамдарға банк картасының деректерін, құпиясөздер мен SMS арқылы келген кодтарды бермеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және бейтаныс адамдардың өтініші бойынша түрлі қосымшаларды орнатпауға кеңес береді.
Егер ақша алаяқтардың шотына аударылып кеткен болса, дереу банкке және полицияға жүгініп, картаны немесе шотты бұғаттау қажет. Сонымен қатар хат алмасуларды, телефон нөмірлерін, түбіртектерді және басқа да дәлелдерді сақтап қойған жөн.
Полиция азаматтарды қырағы болуға және бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1291956?lang=ru

Жауап қалдыру