
ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ БАСШЫЛЫҚТЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА
Кентау қаласында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Қала әкімі Жандос Тасов құрылыс нысанын аралап, жұмыстардың барысымен танысты. Бір мезетте 1000 балаға дейін спортпен шұғылдануға мүмкіндік беретін жаңа кешеннің құрылысы аяқталуға жақын.
Қазіргі таңда нысанда бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, аумақты тегістеу, іргетас құю, футбол алаңының негізін дайындау, ішкі электр желілерін тарту, терезелерді орнату, ішкі сылақ жұмыстарын жүргізу және төбе фермаларын монтаждау жұмыстары орындалуда.
Қала әкімі мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ жауапты мамандарға құрылыс барысын тұрақты бақылауда ұстап, анықталған мәселелерді дер кезінде шешу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Заман талабына сай бой көтеріп жатқан жаңа спорт кешені Кентаудағы балалар мен жастардың спортпен тұрақты айналысуына мүмкіндік беріп, қаладағы бұқаралық спортты дамытуға серпін береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1292282?lang=ru

Жауап қалдыру