“Мерейлі отбасы -2026” ұлттық байқауының аудандық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау салтанатты шарасы өтті.
Отбасы құндылықтарын дәріптеп, ұлттық салт-дәстүрді ұлықтайтын, ұрпақ тәрбиесіне үлгі боларлық жанұяларды насихаттайтын бұл маңызды шарада аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов байқауға белсене қатысқан барлық отбасыларға шынайы алғысын білдіріп, жеңімпаздарды марапаттады.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде кентімізде спорт пен кәсіпті қатар алып жүрген Төлековтер отбасына бұйырса, І орынды үлгілі отбасыларымыздың бірі Ахметовтер отбасы жеңіп алды.
Жауап қалдыру