САРЫАҒАШ: ОТБАСЫ – ОТАНЫМЫЗДЫҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Сарыағаш ауданында «Отбасы күніне» орай өнегелі өмірімен көпке үлгі болып жүрген отбасыларға құрмет көрсетілді.
Мерекелік шараға ауданның ауылдық округтерінен келген көпбалалы және отасқандарына 30, 40, 50 жыл толған мерейлі жанұялар қатысты. Салтанатты кездесуде аудан әкімі Арман Абдуллаев отбасыларды мерекемен құттықтап, отбасының қоғамдағы маңызына тоқталды.
– Отбасы – қоғамның берік негізі, ұлттық құндылықтарымыздың алтын бесігі. Бірнеше онжылдықты бірге еңсеріп, ұрпақ тәрбиелеп отырған сіздердің өмір жолдарыңыз – кейінгі буынға үлгі. Шаңырақтарыңызға амандық, береке, отбасыларыңызға бақыт тілеймін, – деп аудан әкімі, алтын шаңырақ иелеріне арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыстады.
Кездесуде Жемісті ауылдық округінің тұрғыны, бірнеше ұл-қыз тәрбиелеп өсірген отбасы ақсақалы Әділбек Абдуқадыров сөз сөйлеп, аудан әкіміне көрсетілген құрмет үшін алғысын білдірді.
Айта кетсек, Қазақстанда Отбасы күні жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде аталып өтеді. Атаулы күннің негізгі мақсаты – отбасының қоғамдағы рөлін айшықтау, ата-анаға құрмет көрсету, ұрпақ тәрбиесін насихаттау және отбасылық құндылықтарды дәріптеу. Сарыағаш ауданында 46 мыңнан астам отбасы бар. Олардың арасында берекесі мен бірлігін бекемдеп, ондаған жыл бойы жарасымды ғұмыр кешіп келе жатқан өнегелі жанұялар аз емес.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1292340?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді