КЕНТАУДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
КЕНТАУДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
 
Кентау қаласында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында тазалық жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.
Бүгін қаладағы Шұғыла мөлтек ауданында ауқымды сенбілік ұйымдастырылып, оған мемлекеттік қызметшілер, мекеме және сала қызметкерлері қатысты.
Сенбілік барысында қатысушылар көшелер бойындағы арық-атыздарды күл-қоқыстан тазалап, қураған шөптерді орып, тұрмыстық қалдықтарды жинау және аумақты абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Қала тазалығы – баршаға ортақ. Туған қаланың көркін сақтау тек тазалық қызметтерінің ғана емес, әрбір тұрғынның ортақ міндеті. Әр азамат өз ауласы мен өзі тұратын аумақтың тазалығына жауапкершілікпен қарап, қоғамдық тазалыққа үлес қосса, қаламыздың ажарлы әрі таза келбеті қалыптаса түсетіні анық.
Кентау қаласында санитарлық тазалық пен абаттандыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1292315?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді