Кәсіпкерлік, бюджет және әлеуметтік қолдау мәселелері тұрақты комиссия отырысында қаралды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан әкімдігінде Шортанды аудандық мәслихатының бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Отырысты тұрақты комиссияның төрағасы Ерлан Шахметов жүргізді.
Отырыс барысында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары, 2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджетті нақтылау, сондай-ақ Шортанды ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу сұрақтары қаралды.
«Шортанды ауданында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» сұрағы бойынша ауданның кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Е. Нұржанов ақпарат берді. Талқылау барысында депутаттарға кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бойынша жүзеге асырылып жатқан шаралар және осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат ұсынылды.
Мәселені қарау қорытындысы бойынша депутаттар ұсыныстар мен ескертулерін білдірді. Аталған материалдар аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына дайындық барысында ескерілетін болады. Кезекті сессияның негізгі сұрағының бірі – «Шортанды ауданында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, инвестициялар тарту және индустриялық аймақты дамыту шаралары туралы» сұрақ.
Бұдан әрі тұрақты комиссия «Шортанды аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 8С-46/2 «2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» сұрағын қарастырды.
Ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ж. Мұнтаева депутаттарға 2026 жылға арналған аудандық бюджетке ұсынылып отырған өзгерістер туралы ақпарат берді.
Күн тәртібіндегі үшінші сұрақ – Шортанды ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және алушылар санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына өзгеріс енгізу мәселесі болды.
Осы сұрақ бойынша ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ж. Амантай ақпарат берді.
Депутаттар күн тәртібіндегі барлық сұрақтарды талқылап, өз ұсыныстарын білдірді. Қарау қорытындысы бойынша тұрақты комиссия аталған мәселелерді аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына және бекітуіне енгізуді қолдады.
Осылайша, күн тәртібіндегі барлық сұрақтар қаралды. Тұрақты комиссияның жұмысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатына тікелей қатысты мәселелерді практикалық тұрғыдан шешуге бағытталған сындарлы форматта өтті.


Аудандық мәслихаттың баспасөз орталығы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-shortandy/press/news/details/1292166?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді