Көші-қон комитетіне құжаттарды рәсімдеуді ақылы түрде жеделдетуге, тестілеуден өтуге көмектесуге немесе мемлекеттік қызметтерді алуға ықпал етуге уәде беретін делдалдар туралы өтініштер түсіп жатыр. Ресми түрде ескертеміз: мұндай уәделерге сенбеңіздер. Бұл бағыттағы мемлекеттік қызметтер белгіленген тәртіппен көрсетіледі. Тестілеу нәтижелерін немесе құжаттарды қарау нәтижесін қандай да бір ақы үшін өзгертуге болмайды. Ең бастысы – бейтаныс делдалдарға ақша бермеңіздер және тек ресми ақпаратқа жүгініңіздер.
Жауап қалдыру