
Павлодар облысында «Назар аударыңыз – жаяу жүргінші!» жедел-профилактикалық іс-шарасының екі күнінде полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 225 фактісін анықтап, жолын кесті, – деп хабарлайды Павлодар облысы ПД.
Жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының өзге де қатысушылары тарапынан жол қозғалысы ережелерін бұзудың 91 фактісі анықталды. Бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп кеткен 72 жүргізуші ұсталды. Жаяу жүргіншілерге жол бермеудің 51 дерегі тіркелді.
Сонымен қатар, көлік құралын мас күйінде басқарған 11 жүргізуші ұсталды.
Мәселен, Едіге би көшесіндегі үйлердің бірінің маңында полиция қызметкерлері «Toyota Camry» маркалы автокөлікті тоқтатты. Құжаттарды тексеру барысында тәртіп сақшылары жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болуы мүмкін екендігін байқаған. Медициналық куәландыру нәтижесінде полицейлердің күдігі расталды.
Полиция қызметкерлері мас күйінде көлік жүргізу арқылы жүргізуші тек өзін және көліктегі жолаушыларды ғана емес, жол қозғалысының басқа да қатысушыларын қауіп-қатерге ұшырататынын еске салады.
Әрбір жүргізуші қарапайым қағиданы білуі тиіс: алкоголь мен рөл – бір-біріне үйлеспейтін ұғымдар, – деп атап өтті ведомство.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1292583?lang=ru

Жауап қалдыру