ТАҒАЙЫНДАУ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 1 қыркүйекте КММ «Балалар-жасөспірімдер аула клубының» директоры қызметіне Рожнова Елена Ивановна тағайындалды.

Елена Ивановна жоғары педагогикалық білімге ие. 1986–1990 жылдары Петропавл педагогикалық институтында «Дене шынықтыру» мамандығы бойынша білім алып, «Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі» біліктілігін иеленді.

Еңбек жолын 1990 жылы Николаев орта мектебінде бастап, 2007 жылға дейін дене шынықтыру пәнінің мұғалімі және тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары қызметтерін атқарды.

2008–2015 жылдары СҚО Есіл ауданының ГККП «Балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлығы клубы» директорының орынбасары қызметін атқарды.

2015–2026 жылдары КММ «Есіл ауданының білім бөлімі» мекемесінде дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық бойынша әдіскер болып жұмыс істеді.

Елена Ивановна «педагог-зерттеуші» біліктілік санатына ие.

Көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін бірнеше рет марапатталып, алғысқа ие болды. Олардың қатарында «Ш. Уәлихановтың 190 жылдығы» медалі, «Үздік әдіскер» номинациясы бойынша Білім басқармасының грамотасы, Спорт күніне орай аудан әкімінің алғыс хаттары, дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан жеке үлесі үшін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасы, Ұлттық дене шынықтыру орталығының және Дене шынықтыру және АӘД өңірлік орталығының алғыс хаттары, Солтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасының грамотасы, сондай-ақ аудан әкімінің Құрмет грамотасы бар.

Елена Ивановнаға жаңа қызметінде толағай табыс, алға қойған жоспарларының жүзеге асуын, кәсіби жетістіктер мен жаңа жеңістер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/esil-ooe/press/news/details/1292741?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді