ІІМ: Елімізде оңтүстік өңірлерден есірткі тасымалдау арналарына тосқауыл қойылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Ішкі істер министрлігі “Қарасора — 2026” ЖПІШ аясында еліміздің оңтүстік өңірлерінен каннабис тобындағы есірткілерді тасымалдау арналарын бөгеу бойынша шара қабылдап жатыр.

     Мақсатты іс-шараларды өткізу нәтижесінде Жамбыл облысының аумағында 120 келі дайын өнім мен есірткі дайындауға арналған шикізат тәркіленді.

     Меркі ауданы Қарасу ауылының маңында жерасты жасырын орнынан 20 келі марихуана алып жатқан кезде бұрын есірткі өткізгені үшін бірнеше рет сотталған жергілікті тұрғын қылмыс үстінде ұсталды.

     Шу ауданында зауыттардың бірінің маңында бес қап кептірілген марихуанасы бар жасырын орынды қазып, ашу кезінде үш жергілікті тұрғын құрықталды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 72 келі болған.

     Айта кету керек, ұсталған дайындаушылардың екеуі бұрын есірткінің заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

     Бұдан бөлек, Түрксіб станциясында Шу — Тәтті теміржол аралығында екі жергілікті тұрғын ұсталды, олардан 25 келі құрамында есірткісі бар қарасора өсімдігі тәркіленді.

     Есірткіні аса ірі мөлшерде сақтаудың барлық фактілері бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі өндірістер басталды. Ұсталғандар УҰИ-ға қамалды.

     Ішкі істер министрлігі “Қарасора – 2026” жедел-профилактикалық іс-шарасының белсенді кезеңінде қойылған міндеттерді іске асыру жұмыстарын жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1292759?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді